02 қараша 2020 | 08:14

Рудный әкімі жалақысын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Instagram / @k.ispergenov Фото Instagram / @k.ispergenov

Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов қанша жалақы алатынын, отбасының қайда тұратынын жазып, тұрғындарды тазалыққа шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов қанша жалақы алатынын, отбасының қайда тұратынын жазып, тұрғындарды тазалыққа шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мені Рудный қаласы әкімі лауазымына тағайындағаннан бері парақшама қызығушылық білдіріп жүргендеріңіз үшін рақмет! Менің жекеме көптеген хат келіп түсуде. Көптеген адам менің жалақым мен отбасымның тұрғылықты жеріне қызығушылық танытады. Бұған дейін хабарлағанымдай, өз отбасымды Рудный қаласына көшірдім және біз 20-шағынауданда тұрамыз. Менің жалақым міндетті аударымдардан кейін 390 мың теңгеден сәл асады", - деп жазды әкім Instagram желісінде.

Қала басшысы желідегі жазбасында тәртіп пен тазалыққа арнады.

"Бірақ бүгін мен сіздермен тәртіп пен тазалық мәдениеті туралы сөйлескім келіп отыр. Көппәтерлі үйде тұрғандықтан, қоқыс полигондары туралы білемін. Таңертең және кешке маған жақын маңдағы аулаларды аралап жүріп, қоқыс жәшіктері бос, ал оған жақын жерде қоқыс үйінділері жатқанына таңғаламын. Әрине, кез келген мекемені кінәлау оңай, бірақ менің ойымша, әр тұрғын өзінен және отбасынан бастауы керек. Егер балалар қоқыстарды контейнерге жеткізбесе, онда оны сіз үйде үйретіңіз. Мен ешқандай жағдайда қызмет көрсететін мекемелерден, әкімдіктен, ПИК-тен және т.б. жауапкершілікті алып тастамаймын, бірақ жосықсыз азаматтарды жауапкершілікке тартқым келеді. Себебі, сіздер өздеріңіз жиі жазатындай, тазалық қоқыстан тазаланған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде", - деп жазды Испергенов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті Рудныйлықтар! Мені Рудный қаласының әкімі лауазымына тағайындағаннан бері менің парақшама қызығушылық білдіріп жүргендеріңіз үшін рахмет! Менің жекеме көптеген хаттар келіп түсуде. Көптеген адамдар менің жалақым мен отбасымның тұрғылықты жеріне қызығушылық танытады. Бұған дейін хабарлағанымдай, өз отбасымды Рудный қаласына көшірдім және біз 20-шы шағын ауданда тұрамыз. Менің жалақым міндетті аударымдардан кейін 390 мың теңгеден сәл асады. Бірақ бүгін мен сіздермен тәртіп пен тазалық мәдениеті туралы сөйлескім келіп отыр. Көп пәтерлі үйде тұрғандықтан, қоқыс полигондары туралы білемін.Таңертең және кешке маған жақын маңдағы аулаларды аралап жүріп, қоқыс жәшіктері бос, ал оған жақын жерде қоқыс үйінділері жатқанына таң қаламын. Әрине, кез-келген мекемені кінәлау оңай, бірақ менің ойымша,әр тұрғын өзінен және отбасынан бастауы керек. Егер балалар қоқыстарды контейнерге жеткізбесе, онда оны сіз үйде үйретіңіз. Мен ешқандай жағдайда қызмет көрсететін мекемелерден,әкімдіктен,ПИК-тен және т.б. жауапкершілікті алып тастамаймын, бірақ жосықсыз азаматтарды жауапкершілікке тартқым келеді. Себебі, сіздер өздеріңіз жиі жазатындай, ТАЗАЛЫҚ ҚОҚЫСТАН ТАЗАЛАНҒАН ЖЕРДЕ ЕМЕС, ҚОҚЫС ТАСТАЛМАҒАН ЖЕРДЕ! Уважаемые рудничане! Спасибо за ваш интерес к моей странице. После назначения меня на должность акима Рудного , мой дайрект завален вопросами различного характера. Многих интересует моя заработная плата и место проживания моей семьи. Ранее уже сообщал,что перевёз свою семью в Рудный и проживаем в 20 микрорайоне. Моя зарплата, после обязательных отчислений достигает, чуть больше 390 тыс.тенге. Но сегодня я хотел бы поговорить о нашей с вами культуре порядка и чистоты. Проживая в многоквартирном доме , о мусорных свалках знаю не понаслышке. Утром и вечером обхожу рядом стоящие дворы и удивляет тот факт, что мусорные баки пустые, а рядом лежит груда мусора. Обвинить какое какое-нибудь учреждение, конечно же легче всего, но думаю,каждый житель должен начинать с себя и своей семьи. Если это дети не доносят в контейнер свой мусор,то научить его этому в доме . ПРОДОЛЖЕНИЕ В КОММЕНТАРИЯХ ⬇️⬇️⬇️

Публикация от Kuandik Ispergenov (@k.ispergenov)

Еске салайық, 5 қазанда Қуандық Испергенов Рудный әкімі болып тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети