Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды

Рудный қаласында жылу желілерінде апат орын алып, салдарынан бірнеше көше жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудный қаласында жылу желілерінде апат орын алып, салдарынан бірнеше көше жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап.

Рудный қаласы әкімдігі жылу желілерінде инженерлік апат болғаны хабарланды. Апат салдарынан Кеншілер көшесі Мирден Строительнаяға дейін; Дзержинский көшесі Кеншілерден Октябрьдің 40 жылдығына дейін жабылды. Бұл көшелердегі автобустардың жүру кестесі де өзгертілді.

Рудныйдағы жылу жүйелеріндегі судың температурасы 80 градустан жоғары көтерілуді тоқтатқаны атап өтілді. Бұл туралы 20 ақпанда аймақ басшысының төрағалығымен өткен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының алқасында Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы Виктор Ионенко мәлім етті. Оның айтуынша, температура жоғарылағанда желілерде үзілістер мен өшірулер орын алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети