Рудныйдағы студенттердің жаппай улануына қатысты кінәлілер сотталды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйдағы студенттердің жаппай улануына қатысты кінәлілер сотталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сот Рудный тау-кен технологиялық колледжінің асханасында студенттердің жаппай улану дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қостанай жаңалықтары" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Рудный тау-кен технологиялық колледжінің асханасында студенттердің жаппай улану дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қостанай жаңалықтары" басылымына сілтеме жасап.

Студенттердің улану дерегі бойынша прокуратураның қадағалауымен тексеру жүргізілді. Тергеу барысында колледжде асхананы жалға алған "S-Salta" ЖШС басшысы өз міндеттемелерін елемей, санитарлық талаптарды бұзып, жаппай улануға себеп болған. Сондай-ақ полицейлер әйелдің медициналық тексеруден өту туралы жалған құжаттарды, медициналық кітапшаларды пайдаланғанын анықтады. Рудный прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді.

7 тамызда сот үкімімен әйел жалған құжат пайдаланғаны және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол үш жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынуымен қатар екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Тау-кен технологиялық колледжі студенттерінің жаппай улануы өткен жылдың 20 сәуірінде болған еді. 70-ке жуық адам денсаулығының нашарлағанын хабарлады. Олардың 35-і медициналық көмекке жүгінсе, 14-і ауруханаға жатқызылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети