Руслан Дәленов ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Дәленов ұлттық экономика министрі болып тағайындалды Руслан Дәленов. Фото:economy.gov.kz

Руслан Дәленов ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Дәленов ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Руслан Дәленов Ыстамбұлдағы Мармара университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде бастап, жетекші маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2002 жылдың наурыз-қыркүйек айлары арасында ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кірістерді талдау және болжау департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарған. Ал 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың мамыр айына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің ағымдағы кірістер басқармасының басшысы болған. Кейінірек ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасында басшы қызметін атқарады. Содан Қаржы министрлігінің Талдау департаменті директоры болып жұмыс істейді. 2005-2008 жылдар арасында жеке секторда жұмыс істеген.

Ал 2008 жылдың наурызында қаржы вице-министрі болып тағайындалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети