06 маусым 2018 16:48

Руслан Еңсебаев қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazatomprom.kz © kazatomprom.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Руслан Еңсебаев 1981 жылы Ақмола облысының Степняк ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Басқару институтын, 2013 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 2001 жылы "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК жетекші маманы ретінде бастаған.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ да басшылық қызметтер атқарған.  

2017 жылдың маусым айынан бастап "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасы лауазымында қызмет еткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети