Руслан Жанпейісов Талғарға "тәртіп орнатуға" келді

Руслан Жанпейісов Талғарға "тәртіп орнатуға" келді

Белгілі қоғам белсендісі шымкенттік Руслан Жанпейісов Талғарда болып, құқық қорғау органдарын видеоға түсірді. Роликтер блогердің YouTube-арнасында жарияланған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі қоғам белсендісі шымкенттік Руслан Жанпейісов Талғарда болып, құқық қорғау органдарын видеоға түсірді. Роликтер блогердің YouTube-арнасында жарияланған. 

Жанпейісовтің сөзінше, ол Талғарға көлігін қайтару мақсатында бұрыннан бері қозғалған қылмыстық іс бойынша келген. Блогер күндіз аудандық полиция бөліміне келіп, жергілікті полицейлердің қалай жұмыс істейтінін тексермек болған. 

Ол бірнеше көлік, соның ішінде полиция көліктері де полиция бөлімінің маңындағы тұрақта ереже бойынша дұрыс емес тұрғанын көрген. Блогер 102-ге хабарласып, полицейлерді шақырып, ереже бұзылғаны жайлы хаттама толтырмақ болған. Алайда патруль көлігі ұзақ келмей қойған. 

"Бұл сұмдық қой. Мына жерде тұрғаныма бір сағаттан асты, ешкімнің әрекет ететін түрі жоқ. ІІМ министр Тұрғымбаев мырза, мында бейберекет болып жатыр, мына қызметкерлер жүйенің абыройына нұқсан келтіреді. Олар полицияда жұмыс істеуге дайын емес", - дейді Жанпейісов. 

Түсірілім барысында блогер полицейлердің жолдан дұрыс өтпегенін айта кетті. 

"Қарапайым дүниелер қалыс қалып жатыр. Сұмдық қой. Бұған дейін мұндай күлкілі дүниелер болмаған еді", - дейді ролик авторы.

Жанпейісовтің сөзінше, ол бұған дейін Талғардың аудандық полиция бөліміне екі рет келген. Алайда полиция бөлімінің басшысы оны қабылдамаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети