Рүстембек Дүтбаев қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рүстембек Дүтбаев қамауға алынды

Рүстембек Дүтбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рүстембек Дүтбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2017 жылы 28 қыркүйекте Астана қаласының Есіл аудандық № 2 сотында күдікті Дүтбаев Рүстембек Нұртайұлына қатысты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қарастырылды", - деді соттағылар Tengrinews.kz тілшісіне.

Ресми мәлімет бойынша, күдікті Рүстембек Дүтбаевты екі ай мерзімге, яғни 27 қарашаға дейін қамауға алу туралы сот үкімі шыққан. Алайда соттағылар күдікті Дүтбаев Рүстембек Нұртайұлының бұрынғы ҚР ҰҚК төрағасы болған. 

"2017 жылы 29 қыркүйекте күдікті Дүтбаев Рүстембек Нұртайұлын 2017 жылдың 29 қарашасына дейін қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы таңдалған", - деді сот өкілдері. 

Еске салайық, биыл 11 қыркүйекте Ақмола гарнизонының Әскери сотында 2017 жылдың 24 тамызында Нартай Дүтбаевқа және істің өзге фигуранттарына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Сот отырысы жабық тәртіпте өтті. 

"Соттың үкімі бойынша Н.Н.Дүтбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес мемлекеттік құпияны жария етті, қызметтік өкілін асыра пайдаланды (ҚР ҚК-нің 451-бабы) деп танылып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайыналды, ол өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды. Н.Н.Дүтбаевты генерал-лейтенант әскери шенінен және мемлекеттік сыйлығынан айыру туралы ұсыныс енгізілді", - делінген ҚР Әскери сотының сайтында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети