31 қаңтар 2014 | 11:07

Рысқалиевтер кассасына күн сайын жүздеген миллион құйылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аzh.kz ©Аzh.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топпен үлестес компаниялар жүздеген миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, ағайынды Рысқалиевтердің кассасына жеткізіп отырған. Бұл туралы "Астана" телеарнасына жергілікті қаржы полициясының тергеу тобының жетекшісі Тимур Хасанов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Күн сайын ақша қолма-қол алынып, екі-үш қытай сөмкесімен бақыланған күйі жеткізіліп отырған", - дейді тергеуші. Хасановтың сөзіне қарағанда, Бергей Рысқалиев облыс ісімен бірге, қылмыстық топтарды басқарған. "Оның кезінде кішкентай әкімдік пайда болды десе болады. Оған әкімдік жұмысшылары келіп, Рустем Әлбақасовқа (Рысқалиевтің күйеу баласы - Авт.) қандай нысан салынып бітетіні жөнінде есеп беріп отырған. Еске салайық, 23 қаңтарда Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот басталды. Айыпталушылар орындығында - 22 адам, олардың дені - кәсіпкерлер мен бұрынғы шенеуніктер. Бергей Рысқалиевтің өзі мен оның ағасы Аманжан Рысқалиевке іздеу жарияланды. Кейбір мәліметтер бойынша, олар Ұлыбритания астанасына қашып кеткен.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети