19 қыркүйек 2019 17:30

Рысқалиевтер ісі: Мемлекетке 44 миллиард теңге өндірілген

Бас прокуратура Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасының ісіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бас прокуратура Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасының ісіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әлі де қашқындардың барлығын ұстап, әділет сотқа берген жоқпыз. Мысалы, Атырау облысының бұрынғы әкімі мен оның ағасы. Олар әкім болған бірінші күннен бастап қылмыстық топ құрған. 2006-2012 жылдар аралығында олар арнайы жүйе бойынша мемлекет меншігіндегі нысандарды өз адамдарына арзандатылған бағамен сатып, қоғамдық нысандарды салу құрылысының бағасын көтеріп, аса ірі көлемде пара алып, қылмыстық мақсатта жалған ресми құжаттар жасаған", - дейді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов. 

Бас прокуратураның мәліметінше, жымқырылған ақша арнайы құрылған жалған фирмалар арқылы заңдастырылып, шетелге шығарылып отырған. 

"Мұнда нақты иерархия мен рөлдер тағайындалған бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтар болған. Солардың бірін Бергей Рысқалиев - Альбакасов басқарған. Олар бір ғана мақсатта жұмыс істеген - газдандыру объектілеріндегі бюджет қаражатын жымқыру, электрификация, сумен жабдықтау, тұрғын үй құрылысы, көпір өткелдері, тазарту қондырғылары және басқа да әлеуметтік нысандарын салу барысында ақша жымқырған", - дейді Нұрпейісов.

Бас прокуратураның мәліметінше, сот үкімі бойынша 185 нысан тәркіленген. Оның ішінде 50 пәтер, 44 жер учаскелері мен банк есебіндегі қаражат. Қазіргі таңда мемлекетке 44 миллиард теңге қаражат өндірілген.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети