30 маусым 2021 | 09:44

Рысқұлов даңғылын Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарту жұмыстары қанша тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: almaty.gov.kz Фото: almaty.gov.kz

Рысқұлов даңғылын Алматы шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзартуға қатысты жаңа деректер шықты. Жоба бойынша құжаттар дайын, оған сәйкес Алматы облысындағы жұмыстардың жалпы құны бес миллиард теңге. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі Рысқұловтың қала ішіндегі екінші учаскесі бойынша ЖСҚ әлі дайындамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Рысқұлов даңғылын Алматы шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзартуға қатысты жаңа деректер шықты. Жоба бойынша құжаттар дайын, оған сәйкес Алматы облысындағы жұмыстардың жалпы құны бес миллиард теңге. Сонымен қатар, Алматы әкімдігі Рысқұловтың қала ішіндегі екінші учаскесі бойынша ЖСҚ әлі дайындамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы жөндеу жұмыстарының жалпы ұзындығы төрт шақырым. Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, шамамен 2024 жылы аяқталады.  

"Мемлекеттік сараптамаға сәйкес бұл жоба 5 миллиард теңге тұрады. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұл жол қаланы айтарлықтай көліктен босатады. Картаға қарасақ, Қарасай және Іле аудандары жағынан қалаға апаратын екі-ақ жол бар. Бұл үшіншісі болмақ", - деді Алматы облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аман Аппақов.

Сонымен қатар, әкімдік өкілдері Алматы облысындағы Рысқұлов даңғылын ұзарту жұмыстары бойынша сызбаны көрсетті.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қала аумағы бойынша жобалық-сметалық құжаттама қаланы дамытудың Бас жоспарына сәйкес әзірленетінін айтты.

"Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары қаланың Бас жоспарын түзету бекітілгенге дейін тоқтатылды", - деді қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы өкілі.

Айта кетейік, Алматыда Рысқұлов даңғылы Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзартылады. Бұл туралы 2020 жылы ЖСҚ әзірлеу тендерінде айтылған. Кейін жоба бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейінде екені, ал құрылыс аймағының сейсмикалығы тоғыз баллға тең екені айтылды. Жоспарланған жол учаскесі Алғабас және Теректі шағын аудандары арқылы Алматы облысындағы Іргелі және Көксай кенттеріне дейін созылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети