Рысқалиев ісі бойынша айыпты әйел ауырып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рысқалиев ісі бойынша айыпты әйел ауырып қалды Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. ©Баубек Қоңыров

Рысқалиев құрған қылмыстық топқа қатысты іс бойынша айыпкерлердің бірі ауруханаға түсті деп хабарлайды Tengrinews.kz Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметі негізінде. "2014 жылдың 3 ақпанында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бюджет қаражатын жымқырып, қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталған әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық істі қарау 5 ақпанға ауыстырылды", - делінген хабарламада. Сот төрайымы Гүлмира Дәулетованың айтуынша, отырысты кейінге қалдыруға айыпкерлердің бірі - "Снабойлстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі Кенжегүл Сисенованың ауруханаға түсуі себеп болған. "Тергеу органдары оған аса ауыр қылмыс жасады деген айып таққандықтан бұл іс оның қатысуынсыз қаралмайды", - дейді соттың баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты іс бойынша 22 айыпкер сотта жауап беріп жатыр. Оларға алты бап бойынша айып тағылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети