Саакашвили өлім аузында жатыр - дәрігер

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саакашвили өлім аузында жатыр - дәрігер © facebook/SaakashviliMikheil

Түрмеде жатқан Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили "Вивамед" емханасында өлім аузында жатыр. Бұл туралы саясаткерге барған невропатолог Отар Тоидзе мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрмеде жатқан Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили "Вивамед" емханасында өлім аузында жатыр. Бұл туралы саясаткерге барған невропатолог Отар Тоидзе мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоидзенің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысының денсаулық жағдайы туралы қорытынды баяндама жасау үшін жақын күндері бір топ дәрігер барады.

"Бір айға жуық уақыт бойы біз оған бармадық. Оның қазіргі жағдайын БАҚ беттерінен және дәрігерлермен қысқаша әңгімеден ғана білеміз. Менің Михаил Саакашвилиге барған бірінші және соңғы сапарым арасында айырмашылық бар. Ол ешқашан сөйлеуден, жүруден қиналмаған адам. Қазір жағдайы ауыр. Сондықтан объективті баға беріп, қорытынды жазу үшін барып қалатын шығармыз. Ол өлім аузында жатыр", - деді невропатолог.

Сәрсенбіде Саакашвилиге барған митрополит Николоз саясаткердің емханада 11 келіге арықтағанын айтқан болатын.

"Мен келгенде бірінші арықтағанын байқадым. Оның дәл осылай арықтағанын ешқашан көрмегенмін. Ол маған емханаға ауыстырылғаннан бері 11 келіге арықтағанын айтты", - деді Николоз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети