Saba Group KZ “Комфорт сити” тұрғын үй кешеніндегі екінші кезегінің құрылысын аяқтады

viewings icon 418 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Құрылыс компаниясы аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлді

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Құрылыс компаниясы аумақты көгалдандыруға ерекше көңіл бөлді

Saba Group KZ компаниясы Алматыдағы Әл-Фараби мен Гагарин даңғылдарының қиылысында орналасқан «Комфорт сити» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің екінші кезегі пайдалануға берілгенін хабарлады. Пәтерлердің екінші кезегімен қатар, кварталішілік аумақты абаттандыру жұмыстары да аяқталды.

3,5 гектар аумақты алып жатқан аулада барлығы бар, бұл «Комфорт сити» жәй ғана тұрғын үй кешені емес, сонымен қатар өзін-өзі қамтамасыз ететін толыққанды квартал екендігінің белгісі. Жүгіру жолдары, батуттар, балалар ойын кешендері, әткеншектер, футбол және баскетбол алаңдары, үлкен теннис корты бар.

"Біз Қазақстанда бірінші болып аулада би билейтін және ән салатын субұрқақтарын жасауды шештік. Тұрғындарға демалып және кешкі самалдан ләззат алу үшін ауладан шығудың қажеті жоқ. Бұл жоба мұнара типті ғимараттардан құралғанымен ерекше. Осы құрылманың арқасында ғимараттар арасында салқын ауа ағыны пайда болады", - дейді Saba Group KZ президенті Ержан Абдикадиров.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: "Жаңа мектептер салу қаланың басым бағыттарының бірі болуы керек» деп атап өткен. Осыған орай біз мектеп салып, қазіргі таңда оны әкімдік меншігіне бердік. Сондай-ақ «Комфорт сити» кешенінде өз балабақшасы, полиция бөлімшесі, медициналық мекемелер, мейрамханалар, кафелер, супермаркеттер, тұрмыстық және қызмет көрсету нысандары бар. Жайлы өмір сүру үшін қажет нәрсенің бәрі бар".

Ғимараттардың қасбеттері әртүрлі түстермен жарықтандырылған. Кешкі уақытта ол аула кеңістігімен бірге қала келбетін де безендіреді. Үй жануарларының иелері үшін жеке серуендеу және жаттығу алаңы жасалған. Сонымен қатар, құрылыс барысында 1000-нан астам бұталар мен ағаштар отырғызылды. Сондай-ақ құрылыс компаниясы ​​«Комфорт-Сити» кешенінің үшінші кезегі ағымдағы жылдың қазан айында мерзімінен бұрын аяқталатынын атап өтті.

Экологиялық жағдай, жайлылық, сондай-ақ демалыс пен ойын-сауықтан басқа Saba Group KZ тарихи ескерткіштер мен ғимараттарды сақтауға және жөндеуге атсалысып, азаматтардың рухани саулығына да қамқорлық жасайды. Мысалы, Saba Group KZ қалалық орталық мешітінің әкімшілік ғимараттарын жөндеуді қаржыландырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
PR
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
15°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro