Сабақ үлгерімі нашар "Болашақ" студенті 25 миллион теңге төлейтін болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Neupusti.net © Neupusti.net

"Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алған студент сабақ үлгерімі нашар болғаны үшін 25 миллион теңге төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алған студент сабақ үлгерімі нашар болғаны үшін 25 миллион теңге төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс материалы бойынша, 2009 жылы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен жігітке Ұлыбританияда "Құрылыс және сәулет" мамандығы бойынша білім алу үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген.

"Осыған байланысты азамат С. мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ арасында білім алуды ұйымдастыру бойынша келісімшарт жасалды. Бұл келісім бойынша азамат С. сабақ үлгерімі жақсы деген бағадан төмен болмайды деп міндет алған. Сот барысында жігіттің сабақ үлгеріміне қатысты міндетін орындамай Келісім шарттарын бұзғаны анықталды. Осыған байланысты ол "Болашақ" стипендиясынан айырылды және шетелде оқуға кеткен шығынды толық қайтарады", - дейді сот өкілдері.

Астана қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен студент есебінен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ пайдасына 25 675 842 теңге көлемінде қарыз өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro