"Сабақта порно көрген". Прокурорлар Алматы мектептерінде бақылауды күшейтті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы прокурорлары мектеп оқушыларының сабақ үстінде порнографиялық сипаттағы видео көріп, сыныптастарын қорлау дерегіне қатысты пікір білдірді. Видео 2022 жылдың қаңтарында түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокурорлары мектеп оқушыларының сабақ үстінде порнографиялық сипаттағы видео көріп, сыныптастарын қорлау дерегіне қатысты пікір білдірді. Видео 2022 жылдың қаңтарында түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы оқу орындарының бірінде оқушылардың сабақта порно көргені туралы видео тараған болатын. Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тыйым салынған ақпараттан қорғалғандығына талдау жасады.

"Мұндай сайттарды бұғаттау бойынша органдардың қабылдап жатқан шараларына қарамастан, іс жүзінде күн сайын жаңалары құрылып жатыр. Осыны ескере отырып, Алматы қаласының прокуратурасы осындай контентке мониторинг жүргізу және олардың оқушылар арасында таралуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтіп, қайта қарауды ұсынды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Білім басқармасы арнайы бұйрық қабылдады, ол бойынша "Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы" КММ-не мониторинг жүргізу және "қара тізімді" қалыптастыру міндеті жүктелді. Анықталған тыйым салынған сайттар School net корпоративтік желісіне енгізіледі. Бұл оқушылардың жағымсыз контентке қолжетімділігін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Заң бойынша мемлекеттік органдар, қарауға тыйым салынған, порнография, қатыгездік және зорлық-зомбылық тарататын, адамның абыройын қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін контентке балалардың қол жеткізуіне жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдауы тиіс екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro