"Сабақтан қалмайтын". Түркістандық мұғалімдер балалардың төбелесі жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Түркістанда шенеуніктер мен педагогтар мектеп оқушыларының төбелесінен шыққан даудың себебін анықтауға кірісті. Мұнда мәселе өзінен біршама жас оқушыларды ұрып-соққан жоғары сынып оқушыларының Желіде тарап кеткен видеосы сөз болып отыр. 23 қаңтарда қала мектептерінің бірінде облыс орталығындағы білім басқармасының басшысы, директорлар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жиналды. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан ақпарат таратады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда шенеуніктер мен педагогтар мектеп оқушыларының төбелесінен шыққан даудың себебін анықтауға кірісті. Мұнда мәселе өзінен біршама жас оқушыларды ұрып-соққан жоғары сынып оқушыларының Желіде тарап кеткен видеосы сөз болып отыр. 23 қаңтарда қала мектептерінің бірінде облыс орталығындағы білім басқармасының басшысы, директорлар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жиналды. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан ақпарат таратады.

Бұл түркістандық мектептегі қалыпты мектеп. Түскі ас кезі.

Бір оқушылар сабақтан қайтып бара жатса, екіншілері енді келіп жатыр.

Осы уақытта акт залында жиын өтіп жатыр.

Елді дүр сілкіндірген оқиғадан кейін жергілікті педагогтар оқиғаның қалай болғанын және ең бастысы мұның қайталанбауы үшін не істеу керектігін ойластырып жатыр.

"Мектеп директорларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен және сынып жетекшілерімен балалардың арасында мұндай жағдай қайталанбауы үшін жиын өткізіп жатырмыз", - деп хабарлады қалалық білім басқармасының басшысы Ақмарал Батырбекова.

Ол әріптестерінің жиналып, жағдайды түсіну үшін және тәжірибе алмасу үшін кеңес құрып жатқанын айтты.

"Бұл қақтығыс сабақ кезінде болмаған, сабақтан шыққаннан кейін, кешкі уақытта болған, енді біз оқушыларды сабақтан кейінгі уақытта немен айналысуға болатынын ойланып жатырмыз. Балалар мұндай уақытта әлденемен айналысса дейміз. Олардың бос уақытында қосымша сабақ өткізу керек сияқты. Балалардың уақытын қосымша үйірмелермен, секциялармен, жарыстармен толықтырсақ, мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймыз", - деп пікір білдірді Батырбекова.

"Бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Төбелес те, ештеңе де болмады. Жасөспірімдердің арасындағы бұл жағдай бір-бірін дұрыс түсінбегенінен болды деп ойлаймыз", - дейді ол.

Қалалық білім басқармасының басшысы видеода көрінетін тоғызыншы сыныптың жеті оқушысының әлеуметтік жағдайын да айтты. 

"Бұл балалар толық отбасыдан, жақсы, орташа жанұядан шыққан. Жоқшылықты көрмей өсті. Қарапайым оқушылар, ешқашан сабаққа кешікпеген, қалып қоймаған. Түрлі олимпиадаларға, байқауларға, қоғамдық шараларға қатысқан", - деді ол.

Батырбекованың сөзінше, қазіргі уақытта оқиға зерделеніп, зерттеліп жатыр. Тергеу жүріп жатыр, арнайы комиссия құрылып, оның құрамына педагогтар мен психологтар кірген.

"Өзге мектептерге де барып, бұл жағдайдың қандай себеппен болғанын анықтап, әңгімелеп жатырмыз, мұның бәрі осындай оқиғалардың алдын алу үшін жасалады", - дейді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro