Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасына Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы Ернұр Рахимов айтып берді.
Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасына Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы Ернұр Рахимов айтып берді.
Оның айтуынша, бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаражат. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден аса ақша төлеуге тура келеді.
"Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы: 127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз", - деді ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы.
Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге "Балаларды мектепке қайтарайық" атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар екен.