"Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 000 тест сатып алуға 2 жүз миллион теңге бөлді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 000 тест сатып алуға 2 жүз миллион теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 000 тест сатып алуға 2 жүз миллион теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәби" қайырымдылық қорының Президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін салушы Кеңес Рақышев ҚР Дәрілік заттарды сараптау орталығына көмектесу мақсатымен 100 000 000 теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 000 тест сатып алу арқылы көмек көрсетті. Сонымен қатар қор құны 10 000 000 теңгелік тыныс алуға арналған ИВЛ V8600 аппаратын да сатып алады.

Kaspi.kz Басқарма төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 000 000 теңге бөлді.

Covid-19 коронавирусының таралуынан туындаған күрделенген жағдайға қарай елде жарияланған ТЖ және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде "Сәби" қоры "Медициналық жобасының" аясында Қазақстан тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдады. Kaspi.kz басшылары осы маңызды бастамаға қосылуды шешті.

Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу өмірлік маңызы. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады.

Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік.

Covid-19 коронавирусын анықтауға арналған 100 000 дана жедел тест "КДЛ Олимп" ЖШС-не "Олимп" клиникалық-диагностикалық лаборатория базасында тұрғындар арасында тегін тест жүргізу үшін беріледі.

"Сәби" қоры 2002 жылы құрылған. Оның басты бағыттары балалардың денсаулығы мен табиғи дамуы және рухани даму мен білімнің қолжетімділігі. Өз қызметін қоғамның қорғалмаған бөлігіне бағыттау арқылы "Сәби" қоры жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан талантты, денсаулығында кінарат бар балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетумен айналысады.

Kaspi.kz Қазақстандағы ең ірі төлем жүйесі, сауда алаңы мен мақсаты инновациялық өнімдер мен төлем, сатып алу мен жеке қаражатты басқаруды дамытатын қызметтерді жасау арқылы адамдардың өмірін жеңілдетуді мақсат тұтатын Fintech экожүйесін
басқарады. Біз жетекші технологиялар мен ауқымды мәліметтерді сараптаудың жеке тәсілдерін қолдана отырып тұтынушылармен ықпалдасу арқылы бірыңғай алаң қалыптастырамыз. Kaspi.kz экожүйесінің негізінде айына 6,0 миллион белсенді қолданушысы бар елдегі жетекші ұялы қосымша Kaspi.kz тұр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro