Сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелдің аты-жөні анықталды - ІІМ

Сәбиді аяусыз ұрып-соққан әйелдің аты-жөні анықталды - ІІМ © Tengrinews.kz

Баласын аяусыз ?рып-со??ан ?йелді? аты-ж?ні аны?талды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ішкі істер министрі ?алм?хамбет ?асымов?а сілтеме жасап.

Баласын аяусыз ұрып-соққан әйелдің аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа сілтеме жасап.

"Мен сіздерге қазіргі уақытта ештеңе айта алмаймын, себебі тергеу шаралары жүріп жатыр, ол ешқандай да афроамерикалық емес. Қорытындыларын кейінірек білетін боласыздар, шамамен біз оның кім екенін білеміз. Біз оны әзірше ұстаған жоқпыз", - деді ІІМ басшысы Қасымов Парламент Мәжілісінің үзілісінде журналистерге берген сұхбатында. 

Еске салайық, әлеуметтік желі қолданушылары бір әйелдің өз сәбиін аяусыз ұрып-соғып жатқаны бейнеленген видеоны талқылаған болатын. Видеода әйел балаға "Жап аузыңды!" деп айғайлайды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама