Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев нәрестенің өлімінен кейін бірқатар жауапты тұлғаны жазаға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев нәрестенің өлімінен кейін бірқатар жауапты тұлғаны жазаға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімнің баспасөз хатшысы Гүлбаршын Құланбаеваның айтуынша, бала тәрбиесі мен адам тағдырына немқұрайлы қарағаны үшін әкімнің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарына ескерту жасалды. Сонымен қатар, облыстық білім беру және денсаулық сақтау басқармасының жетекшісіне, кәмелетке толмағандар ісі мен олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссия жетекшісінің орынбасарына сөгіс жарияланды. Ал Талас ауданы әкімі мен оның орынбасарына қатаң сөгіс түріндегі жаза қолданылды. Гүлбаршын Құланбаеваның айтуынша, аудан әкімінің орынбасары қызметтен кетуі мүмкін.
Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры мен Үшарал ауылының әкімі қызметтерінен кеткен. Талас ауданының бас дәрігері мен оның орынбасары, мейірбике жұмыстан шығарылды. Жүкті қыздың мектепке кейде бармау үшін аудандық мейірбикеден жалған анықтама алғаны белгілі болды.
Оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды. Жалпы асырап алған анаға, жүргізушіге және сәбидің әкесіне қатысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қуанышев сәбидің әкесінің аты-жөнін атады - 1998 жылғы Сайлаубек Елдосов, Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен, ол да Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны. Елдосов бастапқыда үйленемін деп, кейін жүкті қыздан бас тартқан еді.