2014 жылы мемлекет сәбилі болуына байланысты демалысқа шыққан әйелдер үшін 4 миллиард теңгеден астам зейнетақы жарнасын төледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметке қарағанда, 101 024 ананың жеке зейнетақы есепшотына 4,06 миллиард теңге аударылған. Республикалық қазына қаржысы сәбилі болуына байланысты демалысқа шыққан жұмысшы әйелдердің міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау түрінде төленді. Еске сала кетейік, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап сәбилері бір жасқа толғанша демалыста болатын жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау енгізілген еді. Субсидияның орташа мөлшері - 4021 теңге.
Айта кетейік, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың зейнетақы мөлшері 9%-ға көбейді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 168,7 миллиард теңге қарастырылған.