Сәбилі болған әйелдер үшін 4 миллиард теңгеден астам зейнетақы жарнасы төленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

2014 жылы мемлекет сәбилі болуына байланысты демалысқа шыққан әйелдер үшін 4 миллиард теңгеден астам зейнетақы жарнасын төледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2014 жылы мемлекет сәбилі болуына байланысты демалысқа шыққан әйелдер үшін 4 миллиард теңгеден астам зейнетақы жарнасын төледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметке қарағанда, 101 024 ананың жеке зейнетақы есепшотына 4,06 миллиард теңге аударылған. Республикалық қазына қаржысы сәбилі болуына байланысты демалысқа шыққан жұмысшы әйелдердің міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау түрінде төленді. Еске сала кетейік, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап сәбилері бір жасқа толғанша демалыста болатын жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау енгізілген еді. Субсидияның орташа мөлшері - 4021 теңге. 

Айта кетейік, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың зейнетақы мөлшері 9%-ға көбейді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 168,7 миллиард теңге қарастырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer