02 қаңтар 2018 | 12:56

Сәбиімен бірге Гитлер болып суретке түскен қыз Желіде шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/skandal_krg © instagram.com/skandal_krg

Өзін және кішкентай баланы Гитлерге ұқсатқан қыз Казнет қолданушыларының ашуын келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Өзін және кішкентай баланы Гитлерге ұқсатқан қыз Казнет қолданушыларының ашуын келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Сурет Instagram желісіндегі skandal_krg парақшасында жарияланды. Сурет Жаңа жыл қарсаңында шыршаның қасында түсірілген. Онда қолында нәресте ұстаған қыз Үшінші рейх кезінде енгізілген "нацистердің сәлемдесуін" келтіріп тұр. 

"Ақылы асқаннан емес қой", "Меніңше, бұл артық болды", "Бұл хайуанның кесірінен менің атам қаза болған. Ал ол мұны тағы қалап тұр", "Әзіл түрлі болады. Бірақ дәл осындаймен әзілдемейді. Ақылдырақ, ересектеу болайық", "Келесі жылы Бен Ладен немесе Чикатило болып киін, ал бала өскенде кім болғандарын түсіндір", - деп жазыпты кей қолданушылар.

Айта кетейік, қолданушылардың көбі қызға қатысты былапыт сөз жазып жатыр. Алайда оны қолдап шыққандардың да қарасы көрінді. Ал кейін сурет авторы өз әрекетін түсіндірді. Оның айтуныша, бұл сурет оның бұған дейін жариялаған туындыларының бірі ғана. Айтуынша, Instagram әкімшілігі бұл суреттерді оның аккаунтынан өшіріп тастаған.

"Бұл әзіл ғана, оған аса мән беріп қараудың да қажеті жоқ. Суретке түстік те, ұмыттық, болды. Ал мұнда мәселе көтеріп тастаған. Әзіл түрлі болады, көңілге тимейтіні де, тиетіні де. Бәрі бірдей түсінбей қалса, енді қайтейік? Ал мен туралы Гитлердің идеологиясын қолдайды, ұлтшыл, неміс және сол қанды оқиғалар қайталансын деп тілейді деген сөздері қанымды қарайтты. Қырсыққанда, Инстаграмда бірнеше сурет болды, сонда менің інілерім кеңес сарбазы фашистермен күресіп жатқаны жайлы қойылым жасады. Ал біздің кенжеміз ең бастысы, сондықтан оны осылай киіндірдік. Мен де, олар да фашистердің не істегенін, жалпы тарихты білеміз. Сондықтан бір суретке қарап, бізді сауатсыз деудің қажеті жоқ. Ал былапыт сөз айтқандар - өз деңгейі мен тәрбиесінің жоқтығын көрсетті. Ешкімге де түсіндіргім келмейді, ақымақ болмаса, өзі-ақ түсінеді, ұқпаса ұғындырып әлек болудың қажеті жоқ", - деп жазды ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети