07 сәуір 2016 | 15:31

Сәбиін әжетханаға тастаған келіншек 1,5 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Прокурорлар сәбиін әжетханаға тастаған 21 жастағы әйелге жалпы режимдегі колонияға 1,6 жылға соттауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 


Иконка комментария блок соц сети

Прокурорлар сәбиін әжетханаға тастаған 21 жастағы әйелге жалпы режимдегі колонияға 1,6 жылға соттауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Бүгін, 7 сәуірде сотта тараптарды қатар тыңдау басталды. 

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен оқиғадан 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтады. Осыған дейін анасының ата-ана құқығынан айырылатын болса және туған әкесі одан бас тартса, қызды басқа адамдардың асырап алуы мүмкін екендігін хабарланған болатын. Мәселен Жуалы ауданында тұратын Ескендір Ахметова мен Елена Тұрғынбекова Тараздағы "Үміт" сәбилер үйіне барып, Жансаяны көріп қайтқан болатын. Жанұя барлық қажетті құжатты жинастырып қойды.

Келіншек ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") арқылы 24-бабының 3-бөлігі бойынша "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" (Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады). Істі судья Ғазиз Аманбаев қарап жатыр. Сәбидің мүддесін әкімдіктен сайланған адвокат қорғауда.


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети