21 шілде 2017 | 09:00

Сәбиін еденге атып ұрған әйелдің үш баласы да жетімдер үйіне берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жеті айлық нәрестесін жерге алып ұрған келіншек ана құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жеті айлық нәрестесін жерге алып ұрған келіншек ана құқығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Тілшілердің мәліметінше, полиция 28 жастағы Марина Тюменцоваға қатысты қылмыс іс қозғады. Қатыгез ананың ғаламторды шулатқан әрекеті заңға қайшы деп танылса, оның үш бірдей баласы жетімдер үйіне жіберілмек. 

Ал анасынан оңбай таяқ жеген жеті айлық Ирада Тюменцова Талғар аудандық ауруханасында жатыр. Кеше кешкісін ювенал полиция қызметкерлері мен аудандық білім бөлімінің мамандары оны анасынан ажыратып алып кеткен. Қазір дәрігерлер сәбидің қаншалықты зардап шеккенін анықтап жатыр.

"Ираданың тәбеті жақсы. Ойнайды, күледі. Ешкімді жатырқамайды. 54/28 Бүгін таңертең баладан қанын алдық, зәрін алдық. Былай ешқандай шағым жоқ", - дейді Талғар аудандық ауруханасы балалар бөлімінің меңгерушісі Ләззат Әкімханова.

Келгеніне бір-ақ күн болған Ирада емханадағы ең танымал бала екен. Дәрігерлер де, өзге ата-аналар да айналшақтап шықпайды. Ол да ешкімді жатырқайтын емес. Анасын іздеп жылап жатқаны да байқалмапты. Оны да осы уақытқа дейін тірі жан іздеп келмепті. Шешесі Марина тіпті нәрестесінің қайда жатқанын да білмейді екен. 5 жасар қызын жетектеп жол бойында кетіп бара жатқан жерінен оны журналистер кездестіріпті. 

"Қызым кеше менің қасыма қонған жоқ. Мен оны қатты сағындым. Сусынын, йогуртын алып қойдым. Қазір киімдеріне бара жатырмын.  Өз ісіме қатты өкінем. Кешіріңіздерші мені. Мен екінші рет бұлай жасамаймын", - дейді Марина Тюменцева.

Етегі жасқа толған ана өзінің қатыгез әрекетін видеоға түсіріп бүкіл елге масқара еткен жігітінен кетіп қалғанын айтады. Құрбысының үйіне орналасып алған соң қызымды іздеймін деп отыр. Марина ғаламторда шу тудырған әрекетке баруына енесі мен бірге тұрған азаматты кінәлауда. Соларға ашуланып төсекте жатқан баланы лақтырып жібердім дейді. Және сол кезде ішімдік ішіп алғанын да мойындап отыр. Енді оның жағдайы мүшкіл  

"Кәмелетке толмаған балаға күш қолданғаны үшін Марина Тюменцеваны ана құқығынан айыруы мүмкін. Оның тұрақты жұмысы да жоқ. Жиі ішімдік ішетіні де анықталды", - деді Талғар аудандық ІІБ инспекторы Ханума Тасыбаева.

Марина Тюменцеваның қылмысы дәлелденіп, ана құқығынан айырса оның үш бірдей баласы жетімдер үйіне жіберілуі мүмкін. Тиісті орындар жеті айлық Ирада және 5 жастар Таисамен қоса қазір әпкесінің қолында тұратын 12 жастағы ұлын да алып қояды. Ал анасынан оңбай таяқ жеген бейкүнә сәби тергеу аяқталғанша дәрігерлердің бақылауында болмақ (Дереккөз: КТК).  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети