Сәденов бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу жарияланғанын растады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәденов бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу жарияланғанын растады Фото:azh.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден Дүйсенов халықаралық іздеуде екені рас па және қай іс бойынша екенін сұрады.

"Іздеудің бастамашысы біз емеспіз. Сіздерге құзырлы органдарға жүгіну керек. Иә, іздеу жарияланған, іздеу тізімінде бар. Біз бастамашымен бірлесіп бұл мәселені шешеміз", – деп жауап берді Ержан Сәденов.

Бұрынғы прокурорға қатысты іс қай бап бойынша тергеліп жатқаны министр тарапынан нақтыланбады.

Еске салайық, жуырда Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында Мақсат Дүйсеновтің іздеуде екені туралы ақпарат пайда болды. Іздестіру ісі Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасымен прокуратура бастамасы бойынша 29 тамызда тіркелген.

Скриншот: qamqor.gov.kz

Мақсат Дүйсенов туралы не белгілі?

Мақсат Дүйсенов 2018 жылдың тамызында сол кездегі Қазақстанның Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен бас көлік прокуроры болып тағайындалған.

2013–2014 жылдары Қауіпсіздік кеңесі секторының меңгерушісі қызметін атқарған.

2016–2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2018 жылдың қаңтарынан – бас көлік прокурорының бірінші орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети