31 желтоқсан 2017 | 12:44

Saebiz және жабыраңқы Кейдж. 2017 жылдағы Қазнеттің үздік қалжыңдары

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылды жымия еске алуға Қазнеттегі үздік мемдердің топтамасы сеп бола алады. Tengrinews.kz қазақстандық Желі қолданушыларының және қалжыңға әуес жандардың көңілінен шыққан ең қызықты оқиғалардың топтамасын әзірледі.


Иконка комментария блок соц сети

2017 жылды жымия еске алуға Қазнеттегі үздік мемдердің топтамасы сеп бола алады. Tengrinews.kz қазақстандық Желі қолданушыларының және қалжыңға әуес жандардың көңілінен шыққан ең қызықты оқиғалардың топтамасын әзірледі.

Ең есте қалған мемдердің бірі голливудтық актер Николас Кейдждің Астанаға келуі болды. 

Продюсер, кинорежиссер әрі "Оскар" сыйлығының иегері Николас Кейдж Астанаға 22 шілдеде халықаралық "Еуразия" кинофестиваліне қонақ болып келді. Оның шапан киіп түскен суреті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, мемге айналды. Желі қолданушылары актердың түрінен оның абыржығанын байқап, көпшілігі суретке мынадай ат қоя бастады: "Сіздер кімсіздер?", "Мен мұнда не істеп жүрмін?", "Мен Астанада неғып жүрмін?".

Кейджбен суретке түскен Айман Мұсақожаева кейін суретке қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, актердың "ұйқысы қанбаған, оны бірден баспасөз конференциясына алып кеткен, үстіне шапан кигізген". Голливуд жұлдызына қатысты қалжыңдар мен мемдердің кеңінен тарағаны сондай, Астанаға сапарын қорытындылаған Кейдж видеоүндеу жазып, үстіне жасыл шапан киіп, күлімсіреп тұрып қазақстандықтарға қонақжайлылықтары үшін алғыс айтты.

Әлемге танымал тағы бір актер Джеки Чан елордаға келіп, ол да Желі қолданушыларының назарынан тыс қалған жоқ. Ол EXPO-2017 көрмесі өтіп жатқан кезде келгендіктен, қалжыңдардың не туралы болғаны да белгілі еді.

Азаматтарды уақытша тіркеу мен сол кезде болған ХҚО-дағы ұзын-сонар кезектер де мемге айналды.

 Депутат Азат Перуашевтің баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін асүйі мен дәретханасы ортақ үйлерді тұрғызу жөніндегі ұсынысы Қазнетте қызу талқыланып, көптеген мем мен вайн арналды.

Қазақ тілінің әліпбиін латыншаға ауыстыру жөніндегі қалжыңдар Қазнетте аз емес. Әліпбидің бірінші нұсқасында қазақтың бір әрпі латыншада екі әріп болып жазылып, біраз сөздің жазылуы күлкіге айналды. Мысалы, "cәбіз" - "saebiz". Бұл сөздің жазылуы тіпті Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан тыс қалмады, Елбасы журналистермен кездескенде бұл туралы айтқан болатын.

Ақыры әліпбидің басқа нұсқасы қабылданды, алайда бұл тақырыпқа қатысты қалжыңдар әлі де тоқталар емес.

Биыл күзде Алматы әкімі Бауыржан Байбектің өзі басқарып отырған қаланың мүмкіндіктерін айтып, "шетелдік қонақтар мейрамханадан 500 теңгеге дәмді тамақтана алады" дегені  қазақстандықтардың назарын өзіне аудармай қоймады.

Қаладағы тамақтың бағасын жақсы білетін алматылықтар жаңа банкноттың жобасын жасап, блогерлер Baibek Challenge флешмобын өткізді.

Алайда мұның жағымды жақтары да болды. Кейбір мейрамханалар "Ланч "Байбека" немесе "Сет от Байбека" деп, бағасы 500 теңгеден аспайтын мәзірлерін ұсынды.

Tengrinews.kz Алматыда 500 теңгеге қандай түскі ас ішуге болатынын жазды. Сонымен қатар, биыл күзде Қазақстанда бензин тапшылығы болғанда, тұрғындар "жанармай жоқ, ән айтудан басқа амал да жоқ" деп қалжыңдасқан еді.

Астанаға қыс мезгілімен бірге келген қалың түтін де қалжыңға айналды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети