26 шілде 2016 11:35

Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сафар Шәкеев © Сафар Шәкеев

Із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына тікұшақ қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД сілтеме жасап.


Із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына тікұшақ қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД сілтеме жасап.

"Қазір біз Сафар Шәкеевті іздестіруге тікұшақтарды жібереміз. Тікұшақ камерамен қамтамасыз етілген. Ол Алматы облысының аумағын, сондай-ақ су қоймаларынан іздестіреді. Одан кейін мамандар камерадағы бар мәліметті  зерттейді", - деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полицияның басқармасының басшысы Зиадин Жанболат.

Қазір полицейлердің мәліметінше, Шакеевті іздестіру жұмыстарына 200-ден аса адам жұмылдырылды. Осыған дейін іздестіру жұмыстарының таулы аймақтарда болғандықтан оларға жергілікті тұрғындар жылқыларын бергені жайлы айтылған болатын. Қазіргі уақытта бес полицей жылқымен Бағанашыл мен Ремизовка аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. Ертеректе Шәкеевті іздестіруге 50-ге жуық полицей жұмылдырылған мобильді топтардың жұмыс жасап жатқандығы хабарланған. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Оны көргендер мен мәліметі барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети