28 маусым 2018 | 15:17

Сағадиев балабақшаға қалайша кезексіз орналасуға болатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© arnapress.kz © arnapress.kz

Қазақстандық әйел балабақша кезегінің әділетсіздігіне қатысты мәселе көтеріп, білім және ғылым министріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әйел балабақша кезегінің әділетсіздігіне қатысты мәселе көтеріп, білім және ғылым министріне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Шарасыздықтан хабарласып тұрмын. Электронды кезек енгізілгеннен кейін адами фактор болмайды дегенге қатты қуанып едім, олай болмады. Қызым Жәмилә 2014 жылдан бері мемлекеттік балабақшаға кезекте тұр. Биыл төртке толады, кезекте 2493-ші болып тұрғанбыз, әлі жетпедік. Ал бізбен бірге би секциясына барған балалар 4 000, 6 000 болғанына қарамастан балабақшаға кезегі жетті", - деп жазды тұрғын.

Оның сөзінше, ондай балалардың ата-анасы кезекті айналып өтуге мүмкіндік беретін жол тауып алған. 

"Күндіз-түні e-astana.kz сайтына кіріп тұру керек. Онда "балабақшаны таңдау" пернесі пайда болады-мыс. Сондықтан кезекте қаншасынышы болғаныңызға қарамастан орын беріледі. Бүл әділ емес деп ойлаймын. Кезек ретімен жүруі керек", - дейді келіншек. 

Министр өз жауабында жүйенің автоматтандырылғанын, тәулік бойы істейтінін және sms және/немесе email арқылы босаған орындар туралы кезекте тұрғандарды хабарландыратынын, осы арқылы кезекті бақылайтынын айтты. 

"Кезекті басқару жүйесі күнделікті таңғы жетіден босаған орындарды көрсетеді. Кезегі келгендер үш күн ішінде өздігінше жолдама алуға мүмкіндігі бар. Ал уақыт өткенннен кейін орын әлі бос тұрса, оны кезегіне қарамастан барлығына қолжетімді етеді", - дейді министр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети