Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "Астана" медициналық университетінде шыққан шуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "Астана" медициналық университетінде шыққан шуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Былтыр білім сапасын бақылайтын комитетіміз осы университетті тексерген болатын. Олар осы студенттерді сабақтан босату туралы бұйрық берді. Дегенмен бұл бұйрықтағы кейбір талаптар ғана орындалды. Студенттердің бір бөлігі сотқа шағымданды, өздерінің құқықтарын қорғап жатыр. Бірақ бұйрық қандай жағдай болсын орындалуы тиіс. Университеттің оларды оқудан шығарғаны дұрыс. Енді біз Денсаулық сақтау министрлігімен және университетпен біріге отырып, келісу комиссиясын ұйымдастырып, әрі қарай студенттердің және университет өкілдерінің құқықтарына қатысты мәселелерді қарастыруымыз керек", - деді Сағадиев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Осыған дейін "Астана" университетіне түсу үшін IELTS сертификатын "сатып алған" студенттердің оқудан шығарылғаны хабарланған еді. Білім және ғылым министрлігі жүргізген тексерістердің нәтижесінде базада тіркелмеген 117 сертификаттың бар екені анықталған.
Жалған сертификат сатып алған студенттің бәрі оқудан күзде шығарылуы тиіс болған. Бірақ соттың бұл шешімі уақтылы орындалмаған. Мұндай жағдайда медицина мамандарын даярлайтын оқу ордасы лицензиясынан айырылуы да мүмкін.