Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда білім гранттары қалай үлестірілгені жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда білім гранттары қалай үлестірілгені жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ЖОО-ларға қабылдау ережелері жайлы, халықты алаңдатқан сұрақтарға тоқталып өткім келеді. Биыл талқылап, шешуіміз қажет. Біріншісі - мамандықтар бойынша гранттарды үлестіру. Себебі біз экономиканың әлеуетті салалары бойынша гранттарды үлестіреміз. Мысалы, есептеу техникасына 610, ал құқықтануға бар болғаны 45, жалпы медицинаға 2500 және стоматологияға 45. Бұл түрлі бағдарламаларда бекітілген. Жыл сайын жоғары балл алғандар грантсыз қалып жатыр, ал аз балл алғандар басқа мамандықтарға грант алып жатыр", - деді Сағадиев үкімет отырысында.
Оның пікірінше, гранттарды үлестірудің экономикалық тұрғыдағы ойға қонымдылығы әлеуметтік әділдік мәселесіне келіп тіреледі.
"Жыл сайын бұл ата-аналардың тарапынан көптеген сұрақ туындатып жатыр. Бұл жаңалық емес, жыл сайын процеске жаңа ұрпақ пен тәжірибесі жоқ ата-аналар мен балалар келіп жатқанын да ескеру қажет. Олар бірінші рет мұндайдан өтіп отыр. Оның үстіне әлеуетті мамандықтар бойынша гранттар тізімі өте кеш шығады, бізде министрліктер мен әкімдіктермен көп дүниені келісу қажеттігін жинау жүйесі ауыр. Талапкер өз мүмкіндігін бағамдай алмайды, оған профильдік пән таңдауға және дайындалуға үлгермей жатады", - деді ҚР БҒМ басшысы.
Ол министрліктің осы мәселе бойынша бірнеше шешімді ұсынатынын айтып өтті. Мысалы, белгілі бір мамандықтарға қанша грант бөлінетінін алдын ала үш жылға шығарып қою, яғни, үш жылдық бюджет аясында мүмкін мәліметтерді жариялау. Оның айтуынша, бұл мәселені биыл талқылап, шешімге келу керек.
"Екіншісі - жеңілдіктер. Ауылдық квота мен жетім балаларға берілетін квота мәселесі талқыланып жатыр, бірақ мәселе әлі де шешілмеді. "Алтын белгі" жайлы айтатын болсақ. Биыл гранттар ҰБТ-дан жинаған балдар бойынша берілді. Кейінірек республикалық комиссия "Алтын белгі" иегерлері алдында міндеттерін орындау үшін мемлекеттік гранттарға шамамен тағы 4 пайыз грант қосты. Биыл біз осы жүйеге заңды түрде өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Сағадиев.
Сондай-ақ, министр жетекші оқу орындарында, әсіресе, Астанадағы ЖОО-ларда орын жетіспеушілігінің айтып өтті.
"Бұл ЖОО-лардың танымалдығымен байланысты, яғни, барлығы елордаға барғысы келеді. Сәйкесінше, жоғары балл жинаған балалар Еуразия ұлттық университетіне немесе Астананың медицианалық академиясына тіпті ақылы бөліміне түсе алмайды. Себебі орын жоқ. Биыл бұл мәселе тағы да талқыланады. Біздің ойымызша, мұны талқыға салып, бір шешімін табу керек", - деді Ерлан Сағадиев.