09 наурыз 2017 | 12:51

Сағадиев: Мен қызметке өзіммен бірге команда алып келген жоқпын

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өзіне қатысты жұмысшылар командасын ауыстырды және ескі басшыларды ауыстырды делінген айыптауларды жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өзіне қатысты жұмысшылар командасын ауыстырды және ескі басшыларды ауыстырды делінген айыптауларды жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір БҒМ-да жұмыс істеп жүрген адамдардың ешқайсысымен министрлікке келгенше таныс болмағанмын. Көмекшім ғана болды. Үш вице-министр, барлық департамент директорлары, барлық комитет төрағалары, барлық қызметкерімен білім және ғылым министрлігіне келген соң ғана таныстым. Барлығы 250 адам. Командасын алып келіпті деген айыптауларды бірінші рет естіп отырмын", - деп мәлімдеді министр. 

Айта кетейік, 2016 жылы басқарушы құрамның 28 адамы жұмыстан кеткен. Олардың барлығы өз қалауымен қызмет орнын босатыпты. Бұл туралы осыған дейін ҚР БҒМ вице-министрі Асланбек Амрин хабарлаған еді.  

Еске салайық, қызметкерлерді мәжбүрлі түрде жұмыстан шығарды деген айыптауды Ғылым жөніндегі Комитет басшысының экс-орынбасары Ләззат Құсайынова айтқан. Ол 2016 жылдың қарашасында мемлекеттік қызметшінің әдебін бұзды деп қызметтен шығарылған еді. Құсайынова сол кезде жаңа министр келген соң "команда толықтай ауысты" және мемлекеттік органдардың 80 пайыздайы қызметтен кетті деп мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети