19 наурыз 2018 | 13:21

Сағадиев ОҚО-дағы дау жайлы: "Расталса, қатаң шараларды қолданамыз"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ОҚО-да жеті жасар баланың жағдайына қатысты қандай да пікір білдіруден бас тартып, сараптама қорытындыларын күтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ОҚО-да жеті жасар баланың жағдайына қатысты қандай да пікір білдіруден бас тартып, сараптама қорытындыларын күтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бала қауіпсіз жерде. Осы мәселемен біраз адам айналысып жатыр, сондықтан қосымша қандай да пікір берудің қажет жоқ. (...) Нақты фактілер шыққанда, тергеу нәтижесі мен сараптама қорытындысы шыққанда, барлығы расталса, қатаң шараларды қолданамыз", - деді министр.

Сондай-ақ, Сағадиев осы жағдай бойынша қосымша пікір білдірмеуді сұрады.

"Мұндай жағдайлар болып тұрады. Сәуір айының басында Алматыда үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесу өткіземіз. Сол кездесуге Аружан Саин да келеді. Осындай жағдайларды болдырмай, оларды азайту үшін мемлекетіміз бен қоғамның қандай қосымша шараларды қолдануы керектігін талқылаймыз", - деді Ерлан Сағадиев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Желіде ОҚО-ның Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жеті жасар бала зорланды деген ақпарат тараған болатын. Баланы жабылып зорлағандар жоғары сыныптың оқушылары болуы мүмкін. Қазір бұл оқиға қызу талқыланып жатыр. Сонымен қатар, бірнеше полицей қызметінен босатылды. Бұл істі Бас прокуратура өз қолына алды.

Айта кетейік, бала қазір анасымен бірге Астанадағы "Асыл бала" қоғамдық қорының қамқорлығында. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети