25 сәуір 2018 | 17:32

Сағадиев сұраныста болатын мамандықтар жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болашақта сұраныста болатын мамандықтар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болашақта сұраныста болатын мамандықтар туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлым оныншы сыныпта оқиды. Келесі жылы ҰБТ тапсырады. Мамандық таңдау керек. Біздің құбылмалы өмірімізде сіздің ойыңызша болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын қызықтырады", - деп сұрады Сағадиевтен Астана әкімі есептік кездесу кезінде. 

"Барлығы сұраныста болады. Меніңше, мәселе мамандықта емес. Мен білімі бойынша философпын. Ешкімге керегі жоқ мамандық сияқты. Дегенмен көріп отырғандарыңыздай қажеті бар болды. Гуманитарлық ілімге деген көзқарас жеңіл болмауы керек, өйткені, мәселе бағытта емес, пәннің тереңдігінде. Кез келген пәннің сұранысы болады: тіс дәрігері ме, философия әлде психология ма, теміржол болсын", - деп өз ойын білдірді министр. 

"Өз мамандығыңды қаншалықты жақсы білесің, шартты түрде айтқанда рейтингте қандай орындасың, мәселе осында. Пән түрінде емес, білім тереңдігінде", - деп аяқтады Ерлан Сағадиев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети