Министр Сағадиевке білім реформасы жөнінде сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр Сағадиевке білім реформасы жөнінде сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева өңірлік мұғалімдермен кездесіп келгеннен кейін білім реформасы жөнінде бірнеше сұрақ қойды. Солардың бірін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке бағыттады.
"Бастауыш сыныптың мұғалімдері 12 жылдық білім енгізілген жағдайда педогогикалық жүктеменің азаятынына алаңдаулы. Осы оқу жоспарына сәйкес жоғарғы жүктеме 26 сағат болғалы отыр. Оның ішінде бастауыш мектеп мұғалімі 15-16 сағат (біріктірілген алғашқы тіл және әдебиет - 6 сағат, математика - 4, дүниетану - 1 сағат, ғылым негіздері - 2 сағат) қана сабақ береді", - деді Наталья Жұмаділдаева.
"Білім беру туралы" заңға сәйкес, мұғалімдердің мөлшерлемесі 18 сағат. Жаңа оқу жоспарына сәйкес, мұғалім тиісті мөлшерлемеден аз жүктеме алады. Ал бұл жалақының төмендеуіне әкеледі", - деді депутат.
Сонымен қатар, ол ауылдағы мұғалімдер мәселесінің ашық күйде қалғанына назар аударды. "Тіпті "Дипломмен ауылға" бағдарламасының өзі кейбір аймақтарда кадр жетіспеушілігін шеше алмай отыр", - деді депутат.
"Қазір біз маңызды қадамға - үш тілде білім беру жүйесіне өткелі отырмыз. Үш жылда үш тілді білмесе де, өз пәндерін жақсы үйрететін ұлы ұстаздар зейнетке кеткелі отыр. Олардың орнына жаңа педагогтардың келетіні рас, дегенмен мұғалім болуды мақсат етпеген жастар келеді. Жалақының аздығынан, психологиялық жүктеменің көптігінен, таусылмайтын есептен мұғалімдіктің құрметті қызмет емес екені жасырын емес", - деді Наталья Жұмаділдаева.
"Реформа жөнінде тағы бір маңызды сұрақ - әумесерлік мінез-құлықты балалардың бес күндік оқу аптасында бос уақытының көбейетіні. Қосымша білім беру мекемелерінің дұрыс жетілдірілмеген желілері жасөспірімдер ортасында құқықбұзушылықтың көбеюіне әкелуі мүмкін", - деді депутат.