Сағаттап тұрады: Астанаға кіреберістегі ұзын-сонар кептеліс әуеден көрсетілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағаттап тұрады: Астанаға кіреберістегі ұзын-сонар кептеліс әуеден көрсетілді Фото: Tengrinews.kz

Бірнеше күн қатарынан астаналықтар қалаға кіреберістегі ұзын-сонар кептеліске шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше күн қатарынан астаналықтар қалаға кіреберістегі ұзын-сонар кептеліске шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кептеліс алғаш рет бірнеше күн бұрын пайда болған және содан бері күн сайын жүздеген адам жолда сағаттап тұруға мәжбүр.

Кадрлардан байқауға болады, кептеліс Қарағанды тасжолынан бастап қалаға дейін созылып жатыр. Видеоны түсірген автордың айтуынша, кей уақыттарда қарсы бағытта да дәл осындай жағдай қалыптасады.

"Түскі уақытта жолға шыққан таныс бір азаматты жолықтырдық. Ол бауырының сол кептелісте екі сағаттан бері тұрғанын айтты", – делінген видео авторларының сөзінде.

Біздің сұрағымызға жауап берген Полиция департаменті кептелістің себебі – тасжолда жүріп жатқан жөндеу жұмыстары екенін мәлімдеді. Бұл жағдай қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Сондықтан, жөндеу жұмыстары аяқталғанша, жүргізушілерге ұзын-сонар кептеліске шыдамдылық танытуға тура келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети