24 тамыз 2022 | 15:24

"Сағаттап тұрамыз". Шамалған тұрғындары теміржол өткеліндегі кептеліске шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы облысында Шамалған станциясының тұрғындары теміржол өткелі маңында пайда болатын ұзын сонар кептелістерге тағы шағымданды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында Шамалған станциясының тұрғындары теміржол өткелі маңында пайда болатын ұзын сонар кептелістерге тағы шағымданды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде жарияланған видеода ондаған көліктің теміржол жиегінде жиналып тұрғанын көруге болады. Пайдаланушылар жазбаға теміржол қиылысындағы жағдай қандай екенін айтып, пікір қалдырған.

"Бұл сұмдық күні бойы және күні сайын қайталанады: жақын жерде тұрамыз және көліктер біздің көше бойымен кептелістерді айналып өтеді, шаң басылмайды. Бұл қашан аяқталады?"

"Әлі де тұрақты айналма жол салған жоқ"

"Ережені сақтап жүріңіз - кептеліс болмайды"

"Егер ережені сақтаса, онда төрт сағат бойы тұрады", - дейді тұрғындар.

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Жергілікті әкімдік бұл күні Шамалған вокзалындағы өткел сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін екі сағатқа жабылғанын түсіндірді. Сол себепті көлік кептелісі пайда болған.

"Бұл "Қазақстан темір жолы" АҚ таратқан ақпаратқа сәйкес пойыздар қозғалысының белгілі бір кесте бойынша жүруіне байланысты болып отыр", - деді әкімдіктегілер.

"ҚазАвтоЖол" қазіргі уақытта қиындықтар бар екенін атап өтті. Жолайрығының құрылысын аяқтау мерзімі биыл 9 қазанға дейін ұзартылған.

"Бүгінде құрылыс алаңындағы жұмыс қарқыны төмендеді. Бұл жобалық карьерлердің жеке меншікте болғандықтан топырақтың жетіспеуінен. Сондай-ақ, негізгі магистральдың (соның ішінде қосымша) құрылыс аймағына түсетін жер телімдерін алу мәселесінің ұзаққа созылуы кедергі келтіріп отыр. Сондай-ақ, орман қоры жерлерін көлік жерлеріне ауыстыру және ағаштарды кесу үшін қаржылай өтемақы төлеу де құрылыс қарқынына әсер етеді", - деп толықтырды ұйым өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети