“Сағатына 230 шақырым“: Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Сағатына 230 шақырым“: Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші іздестіріліп жатыр Фото:depositphotos.com

Instagram әлеуметтік желісінде әл-Фараби даңғылында жылдамдықты сағатына 230 шақырымға дейін асырған көліктің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram әлеуметтік желісінде әл-Фараби даңғылында жылдамдықты сағатына 230 шақырымға дейін асырған көліктің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан жылдамдық шектеуі 80 шақырым болғанына қарамастан, жүргізушінің рұқсат етілген мөлшерден үш есе жылдам қозғалғаны көрінеді.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жүргізушіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл факт бойынша тексеру басталған.

"Жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндірген өрескел заң бұзушы міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылады. Алматы полициясы "Заң және тәртіп" қағидасын жүзеге асыруды еске салады, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады", – деп мәлімдеді Алматы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети