08 желтоқсан 2016 | 14:22

Сағынтаев 2017 жылдан бастап Ұлттық қордағы қаражаттың басқаша жұмсалатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдан бастап Ұлттық қордағы қаражаттың басқаша жұмсалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдан бастап Ұлттық қордағы қаражаттың басқаша жұмсалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлемдегі жағдайдың күрделі екені түсінікті. Барлығы түсіп жатқан қаражаттың тек Ұлттық қордан екенін айтатын. Егер де біз әрі қарай осылай әрекет ететін болсақ, бізде Ұлттық қор да қалмай қалады. Мұнайдың бағасы 100-115 доллар болған кезде Ұлттық қорда қанша ақша болғанын есептеп шықтық. Қазір біз басқа бағаны көріп отырмыз, сонда да қордағы ақшаны жұмсағысы келетіндер бар. Бірақ ақшаны мұнай бағасы 100 доллар кезінде өмір сүріп жатқандай алғымыз келеді. Сондықтан да біз Мемлекет басшысына Ұлттық қордағы қаражатты жұмсаудың жаңа концепциясын ұсындық. Президент құптады, сәйкесінше шешім шығарылды. Енді келесі жылдан бастап Ұлттық қордағы қаражатты басқаша жұмсайтын боламыз", - деді премьер-министр "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиумының кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Бақытжан Сағынтаев үкіметтің саудаға салық салу бойынша ұстанымын айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети