14 ақпан 2017 12:48

Сағынтаев әкімдерге: Ақша сұрамаңдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы барысында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының бюджетін игермеген облыс әкімдерін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы барысында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының бюджетін игермеген облыс әкімдерін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының 2 миллиард теңгесі игерілмей қалған. Ол ақшалардың басым бөлігі Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарына тиесілі екен.

"Біз былтыр қыркүйекте 9 айдың қорытындысы бойынша осы мәселені талқылағанда, құрметті әкімдер, сіздер барлық қаражаттың игерілетінін айтқан едіңіздер. Бірақ Қаржы министрінің баяндамасынан көріп отырғандай, қаражат барлық өңірде толық игерілмеген", - деді Бақытжан Сағынтаев.

"Халыққа ақша игерілде ме, жоқ па - маңызды емес. Мұны қаржы министрлігі тексереді немесе тендер дер кезінде тексермейді. Бұл маңызды емес. Ақша бөлінді, бірақ олар сәйкесінше халыққа сапалы қызмет көрсетілу үшін жұмсалмайды. Бұл дұрыс емес. Сондықтан қандай да бір тәжірибені қолданып көру керек. Егер жыл соңыда облыс әкімдері қомақты сомада қаражат сұраса, бермеу қажет. Жылдың соңында миллиард теңге бөлудің не қажет бар? Одан гөрі қаражатты жылдың басына қалдырып қою керек", - деді Сағынтаев Ақмола облысының әкімі Кулагинның баяндамасынан кейін.

Сондай-ақ, премьер-министр Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтан шамамен 300 миллион теңгенің неліктен игерілмей қалғанын сұрады. Әкімнің айтуынша, өңір басшылықты бұл жағдайды жойып жатыр.

"Тағы да айтамын, бұл жерде мәселе ақшаны қайтару немесе қайтармауда емес. Мәселе, сіздер бюджет ережелерін бұзбау керексіздер. Сіздерде қаржы басқармасы және басқа да органдар бар ғой. Заң мен ережелер аясында жұмыс істеңіздер. Сонда сіздерге ешқандай шағым да болмайды. Асқар Ұзақбайұлы (ҚР премьер-министрінің орынбасары - автор.), айтарыңыз бар ма? Жақсы, онда осы мәселені бақылауға алыңыздар". - деді премьер-министр.

Сағынтаев отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаның бюджетін қайта қарауды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети