Сағынтаев Алматыда LRT салуға қанша қаржы керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаев Алматыда LRT салуға қанша қаржы керегін айтты Алматы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұсынған LRT эскизі

Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында Алматыда LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалуы мүмкін екенін айтты. Қала басшысы қаржы сомасы мен құрылыстың басталу мерзімін шамалап атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында Алматыда LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалуы мүмкін екенін айтты. Қала басшысы қаржы сомасы мен құрылыстың басталу мерзімін шамалап атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"LRT көп адамға қызық. Бұл жерде бір нәрсені нақты түсіну керек. Жобаны бастамас бұрын біз оның барлық қырын талқылап, бұл үлкен жобаның тоқтап қалмасына сенімді болуымыз керек. Құрылысты қашан да бастауға болады, бірақ қандай қаржыға?

Құрылыс-монтаж жұмыстарына 300 миллион доллар керек делік. Бюджет бұл жобаны өзі көтере алмайды. Ал, егер біз ақша тартатын болсақ, 50 пайызды бюджет, 50 пайызын ұтып алған серіктесіміз алуы керек. Әрине, барлық қаржы валютада болады, ал ол дегеніңіз үлкен тәуекел. Ертең оны қалай қайтарамыз? Жоба аяғына дейін миллиард доллар тұратын болады. Қалай қайтарамыз? Сол үшін біз оны бар жағынан қарастырып жатырмыз.

Бірақ мен үкіметпен сөйлестім, олар маған метро мен LRT сияқты екі бірдей ірі жобаны үкімет жүргізе алмайды деді. Алдымен метроны салып алу керек. Содан кейін ғана LRT-ға көшеміз. Сондықтан бұл қарапайым нәрсе емес. LRT салынады деп ойлау керек. Біз барлығын бірдей жарты жолда тастап кете алмаймыз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, 2018 жылдың 29 тамызында "Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысы" жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау үшін халықаралық екі кезеңдік ашық тендердің бірінші кезеңі жарияланған болатын. Бұл туралы жобаның almaty-lrt.kz сайтында айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети