Журналистер Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа әкімдік қызметкері, ҚХА мүшесі және тендерді жеткізуші компания басшысының қызы жеңіске жеткен жас тиктокерлер байқауы туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа әкімдік қызметкері, ҚХА мүшесі және тендерді жеткізуші компания басшысының қызы жеңіске жеткен жас тиктокерлер байқауы туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жаздың аяғында жас тиктокерлерге қолдау көрсететініңізді ашық айттыңыз. Күзде әкімдік тиктокерлер арасында конкурс өткізіп, оған 30 миллион теңгеден аса қаражат бөлді. Қатысушылар Қала күніне арналған видео түсіруі керек болды. Жеңімпаз қаралым саны бойынша таңдалды. Алайда әдемі сюжеттер түсірген және ең көп қаралым жинаған алматылықтар жеңіске жете алмады.
Әкімдік 10 жеңімпаз парақшасының тізімін жариялады, олардың бір бөлігі TikTok-та жоқ немесе видео түсірмеген. Жеңімпаздардың бірі - әкімдік қызметкері, екіншісі - ҚХА мүшесі және конкурста жеңіске жеткен тағы екі қыз - тендерді жеткізуші компания басшысының қыздары. Олар көп қаралым жинамаған, бірақ байқауда жеңіп, сыйлықтар алған. Осы орайда байқау жалған болған секілді деген ой пайда болады", - деді журналист.
"Егер сіз айтқандай болса, тиктокерлер бізді бұлай қоймайтын еді. Олармен кездескенде түрлі тақырыптарды талқыладық. Мен Қала күніне қатысуды ұсындым. Олар: "Үлкендер үшін Қала күнін өткізесіз, бұл - сіздің мерекеңіз. Ал жастар өз-өзімен" деді. Жастарды қызықтырып, байқау ұйымдастыруды жөн көрдік.
Егер әкімдік қызметкері немесе біреудің баласы тикток түсірсе, оған тыйым салына ма? (...) Мақсатқа жеттік деп есептейміз, қала жастардың көзімен қандай екенін көрсете білдік. Олардың аудиториясы арқылы қаламызды көрсетеміз", - деп жауап берді Бақытжан Сағынтаев.
Алматы әкімі байқаудың қорытындысы тағы бір рет тексерілетінін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!