1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады20 қыркүйек 2020, 10:18

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарды қала күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті алматылықтар! Биыл Қала күні сән салтанатты түрде өтпейтін болып тұр. Барлық іс-шаралар онлайн өтеді. Пандемия бізге сақ болуды, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңа толқынға дайын болуды үйретті.

Бұл нәубет адамдарды жақындастырды, құндылықтарды өзгертіп, жақынымызға жанашыр, қамқор болуға үйретті. Қазіргі қалыптасқан жағдайда адамдар дәрігер мен ұстаздың, полиция мен әскери қызметкердің еңбегін бағалай бастады. Олардың алдында бас иеміз. Алматылықтар, әдеттегідей, өздерінің ең жақсы қасиеттерін паш етіп, ерік-жігері мен төзімділігін, бірлігін көрсете білді.

Қымбатты қала тұрғындары, Сіздерді Қала күнімен құттықтаймын! Әр отбасыға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Туған күніңмен, сүйікті қала!", - деп жазды Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!