Сағынтаев Алматының екі миллионыншы тұрғыны кім екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаев Алматының екі миллионыншы тұрғыны кім екенін айтты Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғыны кім екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғыны кім екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты!

Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!", - деп жазды өңір әкімі Facebook желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, Алматыдағы миллионыншы адам КСРО кезеңінде туған, яғни 1981 жылдың 19 желтоқсанында өмірге келген. Ол - Бауыржан Қадірсізов есімді қала тұрғыны. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы халқының саны екі миллионнан асқаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети