16 сәуір 2020 14:01

Сағынтаев COVID-19 жұқтырған орталық аурухананың дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді

Фото:almaty-cgkb.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық клиникалық ауруханада дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық клиникалық ауруханада дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкім ретінде және лауазымды тұлға ретінде мен қазір бұл жағдайға қандай да бір баға бере алмаймын. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Құзыретті органдар осы мәселемен айналысып жатыр. Олар жұмысын аяқтаған соң оқиғаның мән-жайын айтады. Халық арасында көп сөз жүріп жатыр. Маған да айтып жатыр. Бірақ бұл жағдайда мен баға бере алмаймын деген пікірді ұстанамын. Комиссия бар, осы жағдаймен айналысатын мамандар бар. Комиссия шығарған қорытынды бойынша қажет шешім шығарамын", - деді Алматы әкімі онлайн конференция барысында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Орталық қалалық клиникалық ауруханада 182 дәрігер коронавирус жұқтырған еді. Аурухананың бірнеше қызметкері "Көктем" шипажайына карантинге жатқызылды.

Кейінірек осы аурухананың бас дәрігерінің қызметтен кеткені хабарланды.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та COVID-19 жұқтырған орталық аурухананың дәрігерлеріне қатысты пікір білдірген еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram