Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрден неліктен елде АИ-92 бензині тапшы екенін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрден неліктен елде АИ-92 бензині тапшы екенін сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жанар-жағармай нарығында қалыптасқан жағдайға назар аударамын. Өңірлерде дефицит байқалып отыр, бензин шектеумен, ал кей жерлерде тіпті талонмен сатылуда. Салдарынан баға өсіп кетті. Алайда, Қанат Алдабергенұлы (Бозымбаев - Авт.), үкіметтің өткен отырысында барлық проблеманы шешуге уәде бергенсіз, бірақ жанар-жағармай бойынша жағдай шешілмеді, яғни жағдай тұрақтанбады. Бұл қашанғы жалғаса бермек?", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.
Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша АИ-92 қоры 292 мың тонна болғанын, ал қордағы бензинді тұтыну кезеңінен кейін мұнай базаларында бұл көрсеткіш 140 мың тоннаға азайғанын, мұның тұтынуға 15 күнге жететінін айтты.
"Орташа баға 11 пайызға өсті. Ал импорт үлесі шілдедегі 15 пайыздан қыркүйектегі 30 пайыздан, қазандағы 40 пайызға дейін өсті. Бұл жерде дефицит сөзін қолдану дұрыс емес, елде дефицит жоқ", - деді министр.
"Сөзіңіз аузыңызда, елде дефицит болмаса, кезек қайдан шығып отыр? Халық түсінбейді ғой", - деді премьер-министр.