23 желтоқсан 2017 15:55

Сағынтаев Есімовті тағайындау жөнінде: "Самұрық-Қазына" алдында маңызды міндеттер тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы – Ахметжан Есімовті таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қордың алдында Мемлекет басшысының қойған өте маңызды, оның ішінде трансформациялау бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша міндеттері тұр", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Премьер-Министр Ахметжан Есімовтің елге сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік күрделі міндеттерді орындаудағы жоғары кәсіпқойлығы мен жауапкершілігін баса айтты. Қысқа уақыттың ішінде Ахметжан Есімов "Экспо-2017" Халықаралық көрмесіне" тиімді дайындық пен оның табысты өтуін ұйымдастырды.  

Премьер-Министр жаңа басқарма төрағасы мен Қор ұжымына табыс тілеп, еліміздің Президенті белгілеген мақсат пен міндеттерге жету бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети