14 шілде 2016 | 17:47

Сағынтаев EXPO дайындығы туралы: Террористік қауіпті ұмытпауымыз қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Астанада EXPO-2017 көрмесіне дайындық және өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада EXPO-2017 көрмесіне дайындық және өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жақында болған Ақтөбедегі оқиғаға байланысты қауіпсіздік шараларына назар аударуды тапсырды.

"Террористік қауіпті ұмытпауымыз қажет. Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы болған оқиғалардан кейін радикал және экстремистік топтар республика аумағында терорлық акт ұйымдастыру қаупі бар екендігін көрсетіп отыр. Шет елдерде халықаралық террорлық ұйымдардың құрамында жүрген ел азаматтарын да ұмытпауымыз керек. Олар осы уақытта көрмедегі нысандар мен басқа іс-шараларға қызығушылық танытуы мүмкін. Осы азаматтар айрықша бақылауда болуы шарт. Лаңкестік топтағы азаматтарды көрмеге кіргізбей, қауіпсіздікті тиісті дәрежеде қамтамасыз ету үшін барлық құзырлы органдардағы деректер базасын біріктіру қажет", - деді Сағынтаев.

Сағынтаев жарылғыш, радиоактив, химиялық және зиянды компоненттері бар заттарды анықтау үшін арнайы комиссияның құрылғаныдығын айта кетті. Қазірдің өзінде 170-тен аса тексеріс жүргізілген. EXPO көрмесінің барлық 36 нысаны да лаңкестік жасау қырынан алғанда осал деңгейде.

"Күзет қызметінің жұмысшыларын тексеру жұмыстары, құрылысшылар, ІІМ және ҰҚК арнайы есеп бойынша қызметкерлерді діни экстремизмге және терроризмге қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінге дейін тиісті органдар 32 мың адамды тексерді", - деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети