Сағынтаев қалада туберкулез тарап жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаев қалада туберкулез тарап жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдірді Фото:elements.envato.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада туберкулез тарап жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада туберкулез тарап жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы ықшамаудандардың біріндегі тұрғынға 1 маусымға дейін флюрографиядан өту керегі туралы хабарлама келген. Осыған байланысты журналистер онлайн конференция барысында Сағынтаевтан мұның қаншалықты рас екенін сұрады.

"Туберкулез жаппай тарайтын болса, бүкіл қала ол туралы білетін еді. Мен де қала әкімі ретінде бұл туралы білетін едім. Қазір қоғамнан ештеңені жасыра алмайсың. Сондықтан да қандай да бір эпидемиядан қорқудың қажеті жоқ, бұл тек тұрғындардың қорқынышы шығар. Мұндай хабарлама таратқан емхана өзі жоспарлы түрде скрининг өткізуі мүмкін. Скрининг барысында туберкулез ғана емес, коронавирус және тағы басқа дерттерді анықтауға болады", - деді Сағынтаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети