Сағынтаев карантиннен кейін балабақша, мектеп және ЖОО-лар қалай жұмыс істейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаев карантиннен кейін балабақша, мектеп және ЖОО-лар қалай жұмыс істейтінін айтты

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы балабақша, мектеп және жоғары оқу орындары карантиннен кейін жұмысын қалай жалғастыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы балабақша, мектеп және жоғары оқу орындары карантиннен кейін жұмысын қалай жалғастыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің сөзінше, қаланың әлеуметтік саласы карантиннен кейін кезең-кезеңмен жұмыс істей бастайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мамыр айының ортасынан бастап кезең-кезеңмен ашылады. Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау керек дейді.

"Орта білім жүйесі төртінші тоқсанды қашықтан аяқтауға дайындалады. Жоғары оқу орындары Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығына сәйкес қосылады", - деді Сағынтаев БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесуде.

Бұған дейін Сағынтаев Алматыдағы мәдени-бұқаралық шаралар мамыр айының соңына дейін өткізілмейтінін хабарлаған болатын. Қазіргі жағдайды ескере отырып, жылдың екінші жартысында шаралар қалай өтетінін жариялауды тапсырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети